Accessibility links

АҚШ Украинаға тағы 375 млн доллардың қару-жарағын береді


HIMARS қару кешеніне арналған ATACMS зымырандары
HIMARS қару кешеніне арналған ATACMS зымырандары

АҚШ мемлекеттік департаменті Вашингтон Киевке тағы 375 млн доллардың қару-жарағын жібереді деп хабарлады.

Ресейдің толассыз шабуылдарынан қорғануға "шұғыл қажет қару-жарақ" пакетіне HIMARS оқ-дәрілері, артиллерия снарядтары, атыс қарулары, кассеталық оқ-дәрілер және түрлі типтегі танкіге қарсы зымырандар кіреді.

АҚШ бұған қоса Украинаға жеңіл әскери көліктер мен патруль катерлер береді.

Ресей Украинаға басып кірген екі жылдан астам уақыт ішінде 41 ел Киевке әскери, қаржылай, гуманитарлық жағынан көмек көрсеткен.

Қазірге дейін Украинаға АҚШ 75 млрд доллардан астам, Германия – 14,7 миллиардқа жуық, Ұлыбритания – 13 миллиардтан астам қаржы бөлді. Басқа елдердің берген көмегі олардан аз.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG