Accessibility links

Степанакерт (Ханкенді)– Аскеран трассасындағы жарылыстан зардап шеккендер көбейді


Дүйсенбіде Таулы Қарабақтағы Степанакерт (Ханкенді) — Аскеран трассасының бойында тұрған бензин цистерналары жарылған. Мұны мойындалмаған республиканың төтенше жағдай қызметі хабарлады.

Өлгендер мен жараланғандар бар, күйіп қалған көп адам ауруханаға жеткізілген.

Мойындалмаған республиканың адам құқығы жөніндегі уәкілі Гегам Степанян 200-ден астам адам жараланғанын хабарлады. Оның сөзінше, көбінің жағдайы ауыр.

"Адамдарды құтқарып қалуға Таулы Қарабақтың медициналық мүмкіндігі жетпейді. Санитарлық авиацияны еш кідіріссіз, дереу қосу керек" деді Степанян.

Жарылыс Әзербайжанның арнайы операциясынан кейін Таулы Қарабақтан армяндар жаппай кетіп жатқанда болды.

Әзербайжан билігі Степанакертке (Ханкенді) көмек үшін дәрі-дәрмек жібергенін хабарлады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG