Accessibility links

Шетелдік көліктерді тіркеу мәселесін қалай шешу керек?


Шетелдік көліктерді тіркеу мәселесін қалай шешу керек?
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:38 0:00

Қазақстанда Армения, Қырғызстан, Ресей мен Беларусьтен көлік әкеліп, нөмірін Қазақстанда тіркемей жүргендер көп. Ресми мәліметке қарағанда, олардың саны 170 мыңға жуықтайды. Үкімет қаңтар айының ортасында оларға көліктерін Қазақстанда тіркеу қажет екенін, тіркемеген жағдайда айыппұл салынатынын ескерткен. Ескертуден соң елдің әр аймағында көлік нөмірі шетелде тіркелген адамдар наразылық білдіріп, биліктен тіркеу тәртібін жеңілдетуді сұраған. Олар «кедендік баж салығы мен утилизациялық алым көлік құнынан асып кетеді» деген. Ішкі істер министрлігі шетел нөмірін таққан көлік жүргізушілері жол ережесін жиі бұзып, бейнебақылау камераларынан именбейтінін, айыппұл да төлемей кететінін айтады. Бұл мәселеге байланысты депутаттар не дейді?

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG