Теннисші Путинцева - ширек финалда

Юлия Путинцева (әлемнің 93-ракеткасы) төртінші айналымда чехиялық Барбора Стрыцованы (26-ракетка) 6:4, 6:3 есебімен жеңді. Париж, 3 маусым 2018 жыл. 

Қазақстандық теннисші Стрыцовамен матч кезінде. Путинцева карьерасында екінші рет Roland Garros жарысының ширек финалына шықты. 2016 жылғы ширек финалда америкалық Серена Уильямстан жеңілген. Париж, 3 маусым 2018 жыл.

Чехиялық Барбора Стрыцова Путинцевамен ойнап жатқан сәт. Париж, 3 маусым 2018 жыл. 

Путинцева 2012 жылы Қазақстан азаматтығын алған. 2009-2012 жылдары Ресей атынан жарыстарға қатысқан. 

Путинцева ширек финалға шыққан сәт. Ол 5 маусымда америкалық Мэдисон Кизбен (әлемнің 13-ракеткасы) кездесіп, екі сетте жеңілді. 

Путинцева үшінші айналымда қытайлық Ван Цянды (85) жеңген - 1:6, 7:5, 6:4. Париж, 1 маусым 2018 жыл. 

Қазақстан теннисшісі бірінші айналымда әлемнің 10-ракеткасы бұританиялық Джоанна Контаны (суретте), екінші айналымда америкалық Дженифер Брэдиді (86) жеңген. Париж, 27 мамыр 2018 жыл.

Путинцева ширек финалда америкалық Мэдисон Кизден (әлемнің 13-ракеткасы) екі сетте жеңіліп, жарысты аяқтады.

Қазақстандық тағы бір теннисші Зарина Дияс екінші айналымда жапониялық Наоми Осакадан (20) жеңілді. Париж, 28 мамыр 2018 жыл.