Олимпиада қарсаңындағы Рио

Олимпиада алдында қаладағы туристер көп жүретін аймақтарда күзет күшейтілген. Полиция көшеде қарумен жүреді. Рио-де-Жанейро. 30 шілде 2016 жыл.

Қаладағы метро бекеттерінің біріндегі қарулы күзет. Рио-де-Жанейро. 30 шілде 2016 жыл.​

Ипанема жағажайында демалушыларға бас орамал сатып жүргендер. Бразилия үкіметінің есебі бойынша, олимпиада кезінде қалаға жарты миллион турист келмек. Рио-де-Жанейро. 30 шілде 2016 жыл.

Рио олимпиадасында қызмет ететін еріктілер. Қала орталығында олимпиадаға арналған ірі бильбордтар мен жарнамалар өте аз. Рио-де-Жанейро. 30 шілде 2016 жыл.

Рио қаласында көлік кептелісі басты мәселелердің бірі. Қала орталығынан олимпиада паркі орналасқан Барра ауданына жету үшін бір жарым сағаттай уақыт кетеді. Қалада қарапайым кондиционері жоқ автобустың билеті 3, 80 реал (шамамен 1,5 доллар), ал кондиционері мен интернеті бар автобус билеті 10 реал (шамамен үш доллар) тұрады. Рио-де-Жанейро. 30 шілде 2016 жыл.

Олимпиада паркінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан құрылысшылар. Қазір Риода кей олимпиадалық нысандарда жұмыстар соңына жетіп қалды. Рио-де-Жанейро. 30 шілде 2016 жыл.​

Копакабана жағажайында құмнан тұрғызылған олимпиадаға арналған мүсін. Оның жанында суретке түсу үшін бір реал (шамамен - жарты доллар) төлеу керек. Рио-де-Жанейро. 30 шілде 2016 жыл.

Рио олимпиадасы кезінде жағажай волейболы өтетін арена қаладағы Копакабана жағажайында орналасқан. Рио-де-Жанейро. 30 шілде 2016 жыл.

Рио олимпиадасы кезінде жағажай волейболы өтетін аренаның ішкі көрінісі. Рио-де-Жанейро. 30 шілде 2016 жыл.

Олимпиада паркінің ішінде жүрген еріктілер. Рио-де-Жанейро. 30 шілде 2016 жыл.

Риода соңғы бір аптада күн бұлтты әрі салқын болды. Соған қарамастан жағажайларда демалушылар көп. Рио-де-Жанейро. 30 шілде 2016 жыл.

Риодағы Копакабана жағалауындағы демалушылар. Рио-де-Жанейро. 30 шілде 2016 жыл.