Олимпиаданың 2-күні

Керлингтен Норвегия командасының мүшесі Томас Ульсруд.

АҚШ спортшысы Джейми Андерсон сноубордтан үздік өнер көрсетіп, ұлттық құрамаға екінші алтын жүлдені әперді.

Әйелдер хоккейінен Жапония ойыншыларын 1:0 есебімен ұтқан Швеция құрамасының қақпашысы Валентина Валнер (төменде) командаластары Линна Бэкман және Анна Боргквистпен (жоғарыда) бірге жеңіске шаттанып тұр. Сол жақта көк киімдегі - жапон ойыншысы Тихо Осава.

Норвегиялық Аксель Лунд Свиндаль тау шаңғысынан сынға түсіп жатыр.

Австриялық Маттиас Майер тау шаңғысынан өткен бәсекеде алтын медаль иемденді.

Ерлер арасында өткен шаңғы жарысына (скиатлон) қатысушылар.

Швейцариялық Дарио Колонья ерлер арасында скиатлоннан өткен бәсекеде жеңімпаз атанды.

Швейцария хоккей командасының қақпашысы Флоренция Шеллингті жаттығу өтетін орынға Олимпиада волонтері арнайы арбамен әкеле жатыр.

Ресей мен Германияның әйелдер хоккей командаларының ойынын тамашалауға келген көрермендер.

3000 метрге конькимен жүгіруден бәсекеге түскен нидерландтық спортшы Ирен Вуст.

3000 метрге конькимен жарысудан күміс жүлдеге ие болған чехиялық Мартина Сабликованы (оң жақта) бапкері Петр Новак құшағына алып, табысымен құттықтап тұр.

Роза Хутордағы жарыс өтетін жерде жүрген ұлттық киімдегі әйелдер.

Ресейлік Ольга Вилухина әйелдер арасында 7,5 шақырымға биатлон жарысында күміс медальді иеленді.

Украиналық спортшы Вита Семеренко әйелдер арасында 7,5 шақырымдық биатлон жарысында қола жүлдеге ие болды.