Көше бойында күйші қария

Your browser doesn’t support HTML5

80 жастағы Алпамыс Өтебаев 10 жылдан бері Ақтаудағы 22-шағын аудандағы базар маңына келіп, күй шертеді. Жастайынан домбыраға әуес болыпты. Қой-түйе бағып, түрлі жұмыстарды істеп жүріп зейнеткерлікке шыққан. Алатын зейнетақысы 28 мың теңге. Алпамыс ата «репертуарымда 100-ге тарта ән мен 50-дей күй бар» дейді.