Назарбаевқа тіл туралы хат

Your browser doesn’t support HTML5

Астаналық белсенділер Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан мемлекеттік тілге қатысты заң нормаларының орындалмауына назар аударуды сұрап хат жазды. Олар хатын президент резиденциясының пошта жәшігіне салып кетті. Белсенді Рахат Икибаев бұл үндеуді павлодарлық тіл белсендісі Руза Бейсенбайтегінің жазғанын айтады. Бейсенбайтегі құжаттарды қазақша толтырғаны үшін мемлекеттік тендерге қатыса алмай қалғанын жеткізген. Астана, 19 мамыр 2015 жыл