"Қазақша сөйлейтін" құрал

Your browser doesn’t support HTML5

"Қазақстан" баспасөз клубында көзі көрмейтін және нашар көретін жандарға арналған "Қазақша сөйлеу синтезі" бағдарламасының тұсаукесері өтті. Арнайы құрылғы қазақ тіліндегі баспа өнімдерін дыбыстап, Брайль дисплейіне шығарып отырады. Сонымен бірге, компьютердегі қимыл-әрекет те дыбысталады. "Қазақша сөйлеу синтезі" жобасын ресейлік "Элита Групп" компаниясы мен мүгедек жастарды Әлеуметтік бейімдеу және кәсіби-еңбекпен оңалту орталығы жасап шыққан. Алматы, 13 мамыр 2015 жыл.