Маңғыстаулық оралманмен сұхбат

Your browser doesn’t support HTML5

Биыл ирандық қазақтардың Маңғыстауға қоныс аударғанына 20 жыл толды. Шахмардан Есенов атындағы университетте ағылшын тілінен сабақ беретін Нияз Тобыш Ираннан 1995 жылы Ақтауға көшкен. Ол ағылшын, қазақ тілін біле тұра бірталай қиындықтарды басынан өткергенін айтады. Оралман осы жылдары ондаған отбасының жаңа әлеуметтік ортаға бейімделе алмай кері қайтып кеткенін айтады.