Мұнайшылар тәуелсіз кәсіподақты жабуға наразы

Your browser doesn’t support HTML5

Маңғыстау облысы Ақтау қаласында мұнай саласында қызмет көрсететін Oil Construction Company (OCC) кәсіпорнының ондаған жұмысшысы Қазақстан тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясын (ҚТКК) жабуға қарсылық ретінде қаңтардың 15-інен бастап аштық жариялайтындары туралы қала әкімдігіне өтініш тапсырды. Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Берішбаев жұмысшыларға «наразылық акциясын өткізуге тыйым салынатыны» туралы қала әкімдігінің жауабын оқып, «заң талабын бұзғандарға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік жүктелетіні» туралы ескертті. Кеңсесі Шымкент қаласында орналасқан Тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясын жабу туралы шешімді Оңтүстік Қазақстан облыстық ауданаралық экономикалық соты қаңтардың 4-і күні қабылдаған.