Дариға Назарбаеваның депутат болғанын қалайсыз ба?

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын "Нұр Отан" партиясының 10 қаңтарға белгіленген мәжіліс депутаттары сайлауына ұсынған кандидаттар тізімінде қызы, сенат спикері қызметінен мамыр айында ғана босаған Дариға Назарбаева да бар. Бұл ненің белгісі? Елді 30 жыл билеген экс-президент қызының билікке қайта ұмтылуы дұрыс па? Бұл сауалдарға депутаттар мен қарапайым тұрғындар жауап берді.