"Коронавируске ем деп іштік". Нәпақаны қымыздан тапқан отбасы

Your browser doesn’t support HTML5

Қостанай облысындағы Құмкешу ауылында тұратын ерлі-зайыпты Дүйсенбек Мырзекеев пен Алтын Князьева күніне 120 литр қымыз дайындап, сатады. Көктемде бие байлаған отбасы короновирус өршіген кезде науқастарға қымыз беріп көмектескен. Отыз үш бие ұстайтын шаруа үнемі сұранысқа ие шипалы, нәрлі сусынды көбейту үшін үкімет жылқыға субсидия беріп, қолдау танытса дейді.