Наразы мұнайшы кранға шықты

Your browser doesn’t support HTML5

Маңғыстау облысы Қаламқас кенішіндегі Оil Сonstruction Сompany (OCC) кәсіпорнының мұнайшысы Мейрамбек Қуантаев бүгін таңғы сағат 6-дан бері өндіріс басындағы кранда отыр деп хабарлады Азаттыққа сол жердегі мұнайшылар. Ал Жетібай кенішіндегі мұнайшылар ОСС директоры міндетін атқарушы Дүйсен Атшыбаевтың қолы қойылған, вахталық әдіс туралы ережеге сай аштыққа тыйым салған хабарламаны заңсыз деп, басшыларымен дауласты. Маңғыстау облысы, 11 қаңтар 2017 жыл.