Мұнайшылар "қуғын көргенін" айтады

Your browser doesn’t support HTML5

Қызылорда облысындағы «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» мұнай өңдеуші компаниясының 11 жұмысшысы өздерін кәсіпорын басшылығы жұмыстан шығармақ болғанын айтып, сотқа жүгінген. Облыстық сот жұмыс берушінің еңбек заңын бұзғанын айтады. Сот шешімімен келіспейтін компания заңгері Жоғарғы сотқа шағым түсіретінін айтады.