Ақтаудағы халықаралық театр фестивалі

Орталық Азия мемлекеттерінің 5-халықаралық театр фестивалі биыл 25 қазанда Қазақстанның Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласында ашылды.

Орталық Азия елдерінің 5-халықаралық театр фестивалінің ашылу салтанаты. Ақтау, 25 қазан 2014 жыл.

Фестивальге Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанмен бірге Ресейдің Астрахань қаласы мен Башқұртстаннан театр ұжымдары қатысты. Ақтау, 25 қазан 2014 жыл.

Маңғыстау облыстық драма театры әртістері фестиваль ашылуында жапондық кабуки театры қойылымын сахнаға шығарды. Ақтау, 25 қазан 2014 жыл.

Маңғыстау облыстық драма театры әртістерінің орындауындағы жапондық кабуки театры қойылымы. Ақтау, 25 қазан 2014 жыл.

Сахнада Тәжікстаннан келген театр өнерпаздары. Ақтау, 25 қазан 2014 жыл.

Маңғыстау облыстық драма театрының әртістері "Томирис" спектаклін қойды. Ақтау, 25 қазан 2014 жыл.

"Томирис" спектаклінде басты рольді Маңғыстау облыстық драма театрының әртісі Құралай сомдады. Ақтау, 25 қазан 2014 жыл.

Сахнада Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры әртістері. Ақтау, 25 қазан 2014 жыл.

Орталық Азия мемлекеттерінің 5-халықаралық театр фестиваліне қатысушылар. Ақтау, 25 қазан 2014 жыл.