Мәсімов ісінің астары, оққа ұшқан марқұмдарды айыптау

Your browser doesn’t support HTML5

ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовті жақтаушылары әділетсіз соттады деп мәлімдеді. Соттың аса құпия өтуінің астары неде? Алматыда адамдарды азаптады деген күдікке ілінген ҰҚК-нің 11 экс-қызметкерінің ісі жабық өтіп жатыр. Жәбірленуші тарап сот ашық өтуін талап етті. Қаңтарда президент резиденциясының маңында оққа ұшып, қаза тапқан бес адамды прокурор айыпты деп тануды сұрады. Қорғаушы тарап істің тергелуіне күмән келтірді.