Каспийдегі бірлескен жаттығу

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы Баутино теңіз портындағы төтенше жағдайлар қызметі бірлескен оқу-жаттығуы өтетін жердің жалпы көрінісі.

Каспий теңізінің қазақстандық акваториясында жылжымалы бұрғылау қондырғысында "өрт шықты".

Жылжымалы бұрғылау қондырғысындағы "өртті" Қазақстан Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті, Энергетика министрлігінің жергілікті бөлімшелері мен Әзербайжанның әуе құтқарушылары қосылып сөндіріп жатыр.

Жылжымалы бұрғылау қондырғысындағы "өртті" сөндіру және адамдарды құтқару операциясы.

Жылжымалы бұрғылау қондырғысындағы "өрт" өшірілді.

Каспий жағасындағы елдердің құтқару қызметтері Баутино портындағы аса қауіпті нысанда "өрт" шыққан соң, улы химиялық заттардың таралуының алдын алу операциясын жүргізіп жатыр.

Оқу-жаттығу кезінде айнала көк түтінге оранып, "10 тоннадан астам химиялық қауіпті заттың төгілгені" хабарланды.

Теңіздегі мұнай компанияларының қауіпті жағдайларға арналған құтқару құрал-жабдықтары.

НСОС компаниясының судан құтқаруға арналған құралдары.

Теңіздегі қатты дауылдан бір қайық "аударылды".

"Аударылған" қайықта болған 12 адам "суда қалды".

Әзербайжан құтқарушыларының БВ-200 ұшағы.

Төтенше қызметтер тікұшақтары "апат" болған аймақты шолып жүр.

Экипаж "өртенген" кемеден басқа екі қайыққа отырып үлгерді. Әуеде тікұшақтар жағдайды бақылап жүр.

Каспий теңізіндегі құтқарушылар оқу-жаттығуынан көрініс.

Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің Ми-8 тікұшағы оқу-жаттығудан соң жерге қонып жатыр.

Каспий теңізіндегі төтенше қызметтердің бірлескен оқу-жаттығуына қатысушылар.