Accessibility links

Львов қаласына жасалған шабуыл. 26 наурыз 2022 жыл.
Львов қаласына жасалған шабуыл. 26 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 21-27 наурыз аралығында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

21:03 22.3.2022

Ресей украин соғысында 19 жасар қырғыздың қаза тапқанын растады

Ресейдің Қырғызстандағы елшілігі өз Telegram-арнасында Украинадағы соғыста Қырғызстаннан шыққан жігіттің қаза тапқанын растады.

«Украинаны демилитаризациялау және денацификациялау бойынша арнайы әскери операция кезінде әскери тапсырманы орындау барысында Қырғызстаннан шыққан Ресей азаматы, Ресей Федерациясы қарулы күштерінің келісім-шартпен қызмет ететін қатардағы жауынгері Дорбоев Егемберді Беққазымович ерлікпен қаза тапты» делінген хабарламада.

Дипломатиялық мекеме қаза тапқан азаматтың туыстарына көңіл айтты. Ресейдің кей ақпарат құралдары Дорбоев 8 наурызда қаза тапқан деп жазды.

17 наурызда әлеуметтік желіде Украинадағы соғыста қырғыз жігіттің қаза тапқаны туралы ақпарат тарады. Қолданушылардың бірі таныстарының баласы, Ресей армиясында төрт айдан бері қызмет етіп жүрген 19 жастағы жігіт опат болды деп жазды.

Оның ақпаратына сенсек, жігіт 22 ақпанда туыстарына қоңырау шалған, ал 8 наурызда Ресейде жұмыс істейтін анасына ұлының қаза болғанын естіртіп, денесі Ресейдің Қырғызстандағы Кант әуе базасына жөнелтілетінін айтқан. Кейін осы деректі жазған адам постты желіден алып тастады.

22 наурызда белгілі болған ақпаратқа қарағанда, Егемберді Дорбоев Ыстықкөл облысында туып-өскен. Мұны Азаттықтың Қырғыз қызметіне Ыстықкөл ауданы Қараой ауылының басшысы Ерлан Жұмеков айтқан.

«Мәйітті әлі әкелмеді. Әкесі осында. Жігіт 2002 жылы туған, Ресей азаматы. Басқа ақпарат жоқ» деді Жұмеков.

Қырғызстанның соңғы ресми дерегі бойынша, елдің 1 млн 118 мың азаматы шетелде жұмыс істейді, соның бір миллионы – Ресейде.

Бейресми ақпарат бойынша, 400-500 мың қырғызстандық Ресей азаматтығын алған.

18:44 22.3.2022

Бүкіл Украина аумағында дабыл қағылды. Бүгін түске таман Киевте дабыл қағылып, атыс дауыстары естілген еді.

18:42 22.3.2022

Украинаның кейбір қалаларында азық-түлік үш-төрт күнге ғана жетеді. Бұл туралы "Mercy Corps" (жылулық корпусы) халықаралық қайырымдылық ұйымы хабарлады. Ұйымның хабарлауынша, Украинадағы гуманитарлық жүйе "толық қираған" және Харьков пен Сумы қалаларының 70 пайыз халқы гуманитарлық көмекке зәру.

17:13 22.3.2022

Мариуполь қалалық кеңесі бүгін, 22 наурызда Ресей әскерилері қалаға өте күшті авиабомба тастады деп мәлімдеді. Бұл қала бірнеше аптадан бері Ресейдің қоршауында қалған, қала кеңесі Мариупольде екі мыңнан аса бейбіт тұрғын қаза болды дейді.

Сондай-ақ Ресей әскері 22 наурызға қараған түні Николаев қаласындағы теңіз портын атқылағаны хабарланды.

"Порттың инфраструктурасының біраз бөлігі қирады. Қаза болғандар жайлы ақпарат түскен жоқ" деп хабарлады Украина теңіз порттары әкімшілігінің баспасөз қызметі.

Ресей қорғаныс министрлігі бұл ақпараттар жайлы ештеңе деген жоқ.

Соғыс уақытында мұндай ақпараттарды тәуелсіз дереккөзден тексеру мүмкін емес.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG