Accessibility links

Риддер жылу электр орталығының қазандығы қайта ажыратылған


Дүйсенбіде Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының жылу электр орталығындағы №3 қазандық агрегаты тоқтатылған.

Риддер қаласының әкімі Дәулет Батырбаевтың Instagram әлеуметтік желісіндегі жазбасында, № 3 қазандық агрегаты "апат болдырмау" үшін қосымша тексеру мақсатымен тоқтатылғанын хабарланған.

Биыл көктемде билік Риддер жылу электр орталығының алты қазандығын түгелдей қайта жөндеуді жоспарлап отырғанын мәлімдеген. Сенбі күні Риддер қаласының кейбір кварталындағы пәтерлерге №3 қазандық агрегатын қосқан соң көптен бері алғаш рет ыстық су келген.

Жергілікті ақпарат құралдары жергілікті "Су арнасы" кәсіпорнының ақпаратына сүйеніп, ыстық су қайта берілетінін жазып отыр.

Былтыр қарашада Риддер жылу электр орталығында апат болып, қаланың 22 мың тұрғыны жылусыз қалған. Қалада төтенше жағдай жарияланған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG