Accessibility links

Қырғызстан президенті Бәкиев Феликс Куловты үкіметбасылыққа үшінші рет ұсынбайды


Қырғыз президенті Құрманбек Бәкиевпен тандемдегі үкіметбасы міндетін уақытша атқарушы Феликс Кулов кеше парламентте тағы да жеткілікті дауыс ала алмады, енді ол орнын босатуға дайындалуда. Дауыс беруге қатысқан 38 заң шығарушының 25-і Куловтың премьер-минстрлікке қайта бекітілуіне қарсы болды. Сонымен бір аптаның ішінде Куловтың кандидатурасы екінші рет мақұлданбай қалды. Осы дауыс берулерден кейін Бәкиевтің баспасөз өкілі президент үкіметбасылыққа Куловтың кандидатурасын үшінші рет ұсынбайды деп атап көрсетті.

Қаңтар айының 18-нен бері парламент Куловтың кандидатурасын екінші рет бекітпей тастағаннан кейін бірнеше сағаттар өте салысымен-ақ президент Бакиевтің баспасөз-өкілі Шакиев президент үшінші рет оны қайталап ұсынбайтын болады деп айтты. Бакиев пен Куловтың тандемі бір-біріне қолдау көрсету үшін 2005 жылы президенттік сайлау алдында құрылған болатын. Сайлау нәтижесінде оңай-ақ президент болып сайланған Бәкиев өз кезегінде Куловты премьер-министр еткен болатын.

Парламенттегі оппозициялық депутат Өмірбек Текебаев Қырғызстан президенті мен премьерінің аталған тандемі өткен жылдың қараша айында Құрманбек Бәкиев пен үкіметтен елдің жаңа Конституциясының қабылдануын талап еткен наразылық шерулерінде тандем өзінің маңыздылығын жоғалтқан болатын дейді:

«Тандем туралы келісімдер қараша күндері өз күшін жоғалтты. Өйткені, тандемнің негізгі шарты тез арада демократиялық конституциялық реформаларды жүргізу болатын. Тандемге қатысушылар бұл шартты орындаған жоқ, содан конституциялық реформаны халық өзі жасады».

Осы теке-тірестің аяғында Кулов пен оның үкіметі желтоқсанның 19-ында отставкаға кеткен еді.

Кулов мен елдің мүддесі үшін еңбек еттім дей келе, президенттен, егер сіз мені үшінші рет премьер-министрлікке ұсынатын болсаңыз біз күткендегідей нәтиже болады, бұған дейін парламентте түсініспеушіліктер болды деп, үкіметбасылықтан әлі де үміткер болып тұрғанын байқатты дейді президенттің баспасөз-өкілі Шакиев «Азаттық» радиосына берген сұхбатында.

Алайда президент Құрманбек Бакиев премьерлікке жаңа кандидатураны 26-қаңтар күні ұсынамын деген, бірақ оның кім болатындығы жөнінде ешнәрсе айтпаған.
XS
SM
MD
LG