Accessibility links

АҚШ президенті Дж.Буш биылғы жолдауында ішкі саясатқа көбірек тоқталды


АҚШ президенті Дж.Буш сәрсенбі күні Конгрестің сессиясы басталар алдында Америка халқына дәстүрлі жылдық жолдауын арнады. Президент Буш биылғы жолдауда негізінен ішкі саясат жөнінде айтты, сондай-ақ президенттігінің алғашқы төрт жылында болған халықаралық мәселелерге де тоқталып өтті.

Ол бұдан екі апта бұрын инагурациялық салтанатында сөйлеген сөзінде айтқан демократияны кеңінен өрістету жайттарына да назар аударды. Дегенмен, кемінде саяси шолушылардың біреуі, президент Буш өз сөзінде тек Конгресс емес, бүкіл Америка халқына, тіпті әлемге қаратып сөз айтатын мүмкіндігін толық пайдалана алды ма деген сауал тастайды.

Президент Буш бүкіл жер бетінде демократияның кең қанат жаюына жұмыс істеу өзінің басты міндеті деп білетіндігін Ақ үйдегі биік қызметке екінші мәрте ресми түрде отыру салтанатында айтқан болатын. Ол сәрсенбінің түнінде халыққа арнаған жолдауын да тура осы тақырыптан бастады десе де болады.

- Жиналып жатқан жаңа конгресс, біздің бәріміз де биліктің бұтақтарына біз қызмет көрсететін сайлаушылардың арқасында ие болып отырмыз. Және бүгінгі түні біз басымдық бағыттарды жаңадан сайланған Ауғанстан басшысымен, Палестин жерлерімен, Украинамен, азат және тәуелсіз Ирақпен бөлісеміз, - деді ол.

Буш сонымен қатар, Иран халқына қаратып, "Америка демократия жолында сіздермен бірге" деп атап көрсетті, бірақ та ол Иран үкіметін террордың негізгі демеушісі деп айыптап өтті. Ол сондай-ақ өз әкімшілігі мен Европа үкіметтерінің Тегеранның қандай да бір ядролық мақсаттардан бас тартуына күш-жігер жұмсап отырғандығы турасында айтты.

Президент Буш Сирияға да дәл осындай айып тағып, Сирия өз территориясына Ливанның бақылау жүргізуіне жол беріп, оны террористердің пайдалануына мүмкіндік туғызып отыр деп кінәлады. "Дамаск өзін бұлай ұстамауы керек және жауапкершілікті болуы керек" дегенімен Буш бірақ оны нақтылай қоймады.

Дегенмен де ең бастысы Буштың Таяу шығыс пен мұсылман әлемі турасындағы айтқандары оң тұрғыда болды және ол Ауғанстан мен Ирақта, Палестин жерінде болған сайлауларға басты көңіл бөлген. Президент Ирақта жексенбіде өткізілген сайлау ондағы қақтығыстарды тоқтатып, тұрақтылық орнату бағытындағы бірнші маңызды қадам болды деп атап көрсетті.

- Біз Ирақта табысқа жетудеміз, өйткені ирақтықтар өз азаттығы үшін күресіп, өз тарихын жазып жатыр. Өткен қыркүйек айында Ирақтың бас министрі Ияд Аллауи Конгресте Ирақтың қарапайым тұрғындары біздің елдегі барлық қиыншылықты, қауіпсіздікті өз қолдарына мүмкін болғанынша жылдам алғысы келеді деп айтқан болатын. Бұл тәуелсіз ұлтта болатын тілек, бұл сондай-ақ біздің коалицияның осындағы миссиясы, - деді АҚШ президенті.

Буш мұнымен қатар төрт жылдан астам уақытқа жалғасып келе жатқан Израиль мен Палестин арасындағы қақтығысты жанжалдар аяқталып, бұл екі ел бейбіт қатар өмір сүретін демократиялық елдерге айналып келеді дегенді үмітпен айтты. Бұдан соң ол Палестиннің экономикасы мен саяси, қауіпсіздік әкімшілігін қайта құруға көмектесу үшін Конгрестен 350 миллион доллар қаржыны мақұлдауды сұрады. Буш жолдауының бұдан кейінгі бөлігі ішкі саясат мәселелеріне арналды.

Ең алдымен әлеуметтік қамтамасыз ету деп аталатын зейнеткерлер мен қамсыздандыруды керек ететін жандарға арналған 70 жылдық бағдарламаға тоқталды. Аталған бағдарламаның кейбір қаржылық осал тұстары байқалған болатын. Инауграция салтанатындағы сөзіндегідей Буш бұл жолдауында да сыртқы саясат, әсіресе Таяу шығыстағы саясаты жөнінде нақты айта қоймады, сондықтан да маңызды бір мүмкіндікті өткізіп алды дейді Като институтындағы саясат маманы Патрик Башам.

- Президенттің жасай алатын ең басты нәрсесі - сунниттер мен шииттердің қалыпты элементтеріне бейбіт саяси мүмкіндікке бейімделе алатындай жағдайлары бар деп айтуы керек, сонда бұл - жеңістердің жеңісі болар еді. Және екі жаққа да, суниттер мен шииттерге де, АҚШ-тың өзі үшін де жеңіс болған болар еді, өйткені бұл АҚШ әскерлерінің қайтып кету жағдайын айқындай түседі, - дейді сарапшы Башам.

Ол сондай-ақ президент Буш өзінің Израиль-Палестин жанжалы төңірегіндегі саясатын қайта қарауы керек дегенді айтады. Ол Буш әкімшілігі өзінің бірінші мерзімінде бейбіт процестен жиірек алшақтау кетіп, палестиндік көтерілісшілердің қимылдарына қарсы Шаронның берер жауабына кей кездері шектеу жасай алмады деп атап көрсетеді.

- Президент Буш үшін және оның әкімшілігі үшін проблеманың бірі - әсіресе олардың израилшыл болып көрінгендігі. Буш басшылықта болған уақытында АҚШ-тың әлемнің екінші бөлігіне оң ықпал жасай алатындай қабілетіне әсер еткісі келетін сияқты, - деді Башам.

Башамның пікірінше, дүние жүзі АҚШ адал арағайын, делдал бола ала ма дегенді жақынырақ көріп-тану үшін Буш пен Райстың іс-қимылын бақылайтын болады.
XS
SM
MD
LG